Tübitak
go back

Нұрдәулет мешіті

Нұрдәулет мешіті — Ақтөбе қаласындағы ең ірі әрі сәулеті ерекше діни ғимараттардың бірі. 1999 жылы пайдалануға берілген. Мешіт Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан. Құрылысы Ақтөбе қаласының 130 жылдығы мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне орай аяқталған. Жалпы ауданы — 1730 м², бір мезетте 1500 адам намаз оқи алады. Мешіттің күмбезі — 17 метр радиуспен, тіреусіз салынған, биіктігі — 13 метр. 4 мұнарасы бар, әрқайсысының биіктігі — 57 метр. Ішкі әрлеу жұмыстары араб елдерінен әкелінген кафельмен жасалған. Мешітте үлкен залдан бөлек, әйелдер бөлмесі, неке бөлмесі, асхана, азаншы бөлмесі және шаруашылық бөлмелері бар.

too
too
too
too
too
sd