Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан, Орталық Азиядағы ең ірі әрі заманауи музей. 2014 жылы ашылған. Музей Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында құрылды. Ғимараттың жалпы аумағы 74 000 м². Экспозициялар 7 негізгі залға бөлінген: Ежелгі және орта ғасырлар залы, Тарих залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Өнер залы, Астана залы және Алтын залы. Қорда 175 000-нан астам экспонат бар. Музейде интерактивті технологиялар, мультимедиялық гидтер және балаларға арналған білім беру орталығы жұмыс істейді.





