Хан Шатыр
Хан Шатыр Астана қаласындағы әлемдегі ең биік шатыр тәрізді құрылым, сауда және ойын-сауық орталығы. 2010 жылы Астана күніне орай ашылған. Ғимараттың биіктігі — 150 метр, жалпы ауданы — 127 000 м². Сәулет жобасын атақты британ сәулетшісі Норман Фостер жасаған. Ішінде халықаралық брендтер дүкендері, және балаларға арналған аттракциондар бар. Шатырдың арнайы ETFE қабаты күн сәулесін өткізіп, ішкі температураны жыл бойы тұрақты ұстап тұрады. Хан Шатыр — Астананың заманауи символдарының бірі.





