Tübitak
go back

Әзірет Сұлтан мешіті

Әзірет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы ең ірі және ең көрнекті мешіт. Ол ұлттық нақыштағы классикалық ислам сәулетімен салынған және Қазақстанның рухани символдарының бірі саналады. Мешіттің құрылысы 2010–2012 жылдары жүргізілді. Жалпы ауданы — 17 700 м², сыйымдылығы — 5000–10 000 адам. Күмбез биіктігі — 51 м, диаметрі — 28,1 м. Төрт мұнарасының әрқайсысы 77 м биіктікте. Ғимаратта ерлер мен әйелдерге арналған намаз залдары, неке қию залы, дәретханалар, кітапхана, ислам мәдениеті орталығы бар. Мешіт атауы — Қожа Ахмет Ясауидің лақап атына құрмет ретінде берілген. Ол — елорданың Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі және Бейбітшілік пен келісім сарайы сынды нысандармен қатар орналасқан.

too
too
too
too
too
sd